Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда “жоқ көлікті” сатқан ер адам ұсталды

Алматыда “жоқ көлікті” сатқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының 33 жастағы тұрғыны таныстарының арасында “сарафандық радио” әдісін қолдана отырып, өзінің ірі автокөлік компаниясының өкілі екендігі және көлікті төмен бағамен сата алатындығы туралы ақпаратты таратып, азаматтарды алдаған.

– Бірінші жағдайда жәбірленуші алаяққа төрт миллион теңге аударған. Нәтижесінде ақша да, көлік те жоқ болып шықты. Содан кейін күдікті қылмыстық тізбекті қайталауға шешім қабылдап, бірнеше күннен кейін ірі “мәміле” жасаған. Арыз түскеннен кейін қаскөй ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады және қылмыстық жолмен алынған ақшаны жұмсап қойғанын айтты. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша тергелуде. Бұл азаматтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерге мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз: 8-775-747-77-78; 8-705-555-77-63, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру