Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері есірткі қылмысы бойынша 2 бірдей күдіктіні ұстады

Түркістан полицейлері есірткі қылмысы бойынша екі бірдей күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нақтырақ айтар болсақ, Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірі есірткіні үйінде заңсыз өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер есірткі өсіру қылмысына қатысы бар күдіктіні анықтады.

әртіп сақшылары ұсталған адамның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде үйінің ішінде арнайы құтыға өсірілген есірткіге ұқсас өсімдікті тапты. Аталған өсімдік сараптамаға жіберіліп, қорытындысы бойынша жалпы салмағы 1,5 келіге жуық “марихуана” өсімдігі екені анықталды.

Бірер күн өткеннен соң дәл осындай есірткіге байланысты тағы бір жайт қаламызда тіркелді. Полицейлермен жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде Төлеби ауданында өз үйінің ауласында 8 грамм “сора” өсімдігін өсірген күдікті анықталды.

Осы аталған екі жайт бойынша күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру