Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жыл басынан бері ЖКО салдарынан 198 адам зардап шекті

Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 199 ЖКО болды. Салдарынан 198 адам зардап шекті, бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл сандар Алматы полициясы қызметкерлері мен жедел жеткізу қызметін көрсететін курьерлік қызмет басшыларымен мобильді көліктердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өткен жұмыс кездесуінде айтылды.

– Көліктің бұл түрінің сұранысы қол жетімділікпен, қала бойынша қозғалыс жеңілдігімен, сондай-ақ тіркеу, оқудан өту және жүргізуші куәлігін алу қажеттілігінің болмауымен байланысты. Көліктің бұл түрі айтарлықтай жоғары жылдамдықпен жүретіні белгілі (80 км/сағ-қа дейін), сондықтан ішкі істер министрлігі деңгейінде қозғалтқышының көлемі 50 текше сантиметрден жоғары мопедтерді мемлекеттік тіркеуге жататын көлік түрлерінің тізбесіне қосу туралы заңнамаға өзгертулер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Жас шектеулерін белгілейтін заңнамалық нормалардың болмауына байланысты көліктің бұл түрін ересектермен қатар балалар да пайдаланады. Көбінесе бұл көлік түрлерінің қозғалысы жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар мен жолдарда жүзеге асырылады, бұл ЖКО деңгейіне кері әсерін тигізеді, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Жиын барысында екі доңғалақты көлік жүргізушілері жол беретін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін жою жұмыстарының күшейтілетіні айтылды.

Курьерлік компаниялардың өкілдерін өздерінің курьерлері жасайтын ЖҚЕ бұзу деректерін анықтау үшін жергілікті іс-шараға қосу ұсынылды.

– Қазір, біз пилоттық жоба аясында әрбір курьерлік компанияға нөмір беруді, оларды курьердің мәліметтері мен жүру шарттары туралы ақпаратпен жұмыс берушінің деректер базасында одан әрі тіркеу үшін бірыңғай ақпараттық қорды біріктіруді ұсынып отырмыз, яғни “Сергек” ААЖ-да мобильді көлік жүргізушілері жіберген бұзушылықтарды тіркеудің жаңа техникалық мүмкіндігі бар. Сонымен қатар жеткізу қызметінің өкілдері тәртіп бұзушыларды анықтап, оларды бақылау үшін әр қызметкерге нөмір беріп, оны шағылыстыратын элементпен контейнерлерге қолдануы қажет, – деді Ұзабаев.

2022 жылы мопедтердің қатысуымен 778 ЖКО тіркеліп, 836 адам зардап шекті, жетеуі қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру