Алматыдағы сауда орталықтарының бірінен электронды темекі ұрлағандар анықталды
Алматыдағы сауда орталықтарының бірінен электронды темекі ұрлағандардың жеке басы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл қылмысты жасауда екі жас жігіт күдікті деп танылды.
– Ұрлық сауда ойын-сауық орталықтарының бірінің бірінші қабатында орын алды. Алдын ала болжам бойынша, 21 жастағы Ж. есімді азамат пен 19 жастағы Н. есімді азамат көлік тұрағында электронды темекі сататын орынды көрген. Күдіктілер шкафтың есігін қысып ашып, қорапты алып, оқиға орнынан бой тасалаған, сол арқылы тауар иесіне 75 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Бейнебақылау жүйелері маңызды рөл атқарды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың қалада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасилов.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.