Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық азамат бірнеше рет велосипед ұрлады деген күдікке ілінді

Алматылық азамат бірнеше рет велосипед ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы аудандық полиция басқармасының алдын ала мәліметі бойынша Е. есімді 28 жастағы азамат бөтеннің велосипедін 4 рет ұрлағанын мойындады. Белгілі болғандай, ол ұрланған заттарды қаланың базарларында сатқан.

Оның үстіне бұл эпизодтардың барлығын қаладағы бейнебақылау жүйелері түсіріп алған.

– Ұрлықтың басым бөлігі көшелерде, сауда орталықтарының маңында жасалған. Болжам бойынша, күдікті, иесін «күтіп» тұрған екі доңғалақты көлікті қарап, оған жақындап, бекітуді шешіп, велосипедті алып кеткен. Сосын ұрланған велосипедтерді арзан бағада сатқан. Бір қызығы, қаскөй қылмысты бір киіммен жасап, сол киіммен ұсталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған азаматтың қала аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру