Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық азаматтың жер учаскесінен 3 тоннаға жуық каннабис өсімдігі тәркіленді

Алматылық азаматтың ауыл маңындағы өзіне тиесілі жер учаскесінен 3 тоннаға жуық каннабис өсімдігі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ПБ қызметкерлерімен бірлесіп, Түрген ауылының маңында орналасқан өзіне тиесілі жер учаскесінде тыйым салынған өсімдіктерді өсірумен айналысатын ер адамға қатысты ақпарат алды.

– Аталған дерек ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласының М. есімді 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жоғарыда аталған жер учаскесін тінту кезінде жалпы салмағы 3 тоннаға жуық 742 түп каннабис өсімдігі табылып, тәркіленді, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалық тексерулер тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру