Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық ПД-да “Парасатты полицей” байқауы өтті

Алматы қалалық полиция департаментінде патриоттық және Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында полиция қызметкерлері арасында дәстүрлі “Парасатты полицей” байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқауға әр ұлттың тәртіп сақшылары қатысты. Олар түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындауда шеберліктерін, әртістіктерін, тапқырлықтарын көрсетіп, кәсіби терминдерді білу, мемлекеттік тілде өз ойын әдемі әрі дұрыс жеткізе білу, сондай-ақ таланттары мен шығармашылық қабілеттерін көрсету арқылы өнерлерін ортаға салды.

– “Парасатты полицей” байқауы Қазақстан халқының тілдері күнін мерекелеуге арналған. Мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді дамыту. Байқау жоғары деңгейде өтті. Бүгін қатысушылар кәсіби шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, дарындылығымен де көзге түсті, – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Түксіб аудандық ПБ “Түрксіб сақшылары” командасы иеленсе, екінші орын “Барыс” ЖҚАЖ командасына, үшінші орын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері – “Медеу сақшылары” командасына бұйырды. Көрермендер көзайымы сыйлығын Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкері Мадияр Қатаев алды.

Сонымен қатар “Тілі бірдің тілегі бір” номинациясы бойынша ЖҚАЖ жауынгері Артем Кудлаев үздік деп танылды. Ал айдауылдау қызметі батальонының командасы үздік шығармашылық ұжым деп танылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру