Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицей пауэрлифтинг бойынша турнирден жүлделі орын алды

Алматы қаласының полиция қызметкері пауэрлифтинг бойынша турнирде жүлделі орынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының нұсқаушысы Жандос Нұрлыкешов пауэрлифтингтен ерлер арасындағы IPF федерациясы Алматы чемпионатында 83 келі салмақта жүлделі 3-орынға ие болды.

Сонымен қатар, полиция қызметкері осы спорт түрінен “спорт шеберлігіне үміткер” санатын орындады.

Троеборьяда ол 527,5 келіні бағындырды.

– Менің салмағымда 20-дан астам спортшы қатысты. Бәсекелестік лайықты өтті. Мен чемпионатқа дайындықты қызметпен ұштастырамын, жеңістерім үшін ұйымдастырушылық және басқа да мәселелерде көмектесетін басшылық пен әріптестеріме алғыс білдіремін. Айтпақшы, салауатты рух алға қойған міндеттерді орындауға көмектеседі, бұл белгілі нақыл сөзде айтылғандай, сау денеде ғана болады. Жарқын жеңіске жан-жақты қолдау көрсетіп, ынталандырғаны үшін Алматы қаласы ПД-ның басшылығына ерекше алғыс айтамын, – деді Жандос Нұрлыкешов.

Сонымен қатар, Жандос тәжірибелік атыс бойынша әскери нұсқаушы және қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберлігіне үміткер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру