Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық тұрғын қарт кісіні көшеде соққыға жыққан

Алматылық полицейлер қарт кісіні көлік тұрағында соққыға жыққан бұзақыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда ер адам қарт кісіні үйінің жанында итпен серуендеп жүргенде ұрып кеткен.

«Оқиға Молдағалиев көшесінде болған. Егде адам итпен таңғы 6-да серуендеп жүргенде иті көлік тұрағына қарай жүгірген. Иттің соңынан ерген ол  кенеттен соққыны сезген, белгісіз себептермен бейтаныс адам басынан ұрып, жағын сындырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қарт адам алған жарақаттарынан құлап, біраз уақыт тротуарда қансырап жатқан. Өтіп бара жатқан адамдардың бірі таяқ жеген адамды байқап, оған жедел жәрдем және полицияны шақырған. Жәбірленуші қашып кеткен ер адамның көлігінің маркасын айта алмады. Біраз уақыттан кейін ауданның учаскелік полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол ұсталып, кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы (Денсаулыққа  қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуда», – деді  Түрксіб ауданы Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру