Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полицейлері автожолдардың жай-күйін тексеруде

Жамбыл облысында автомобиль жолдарын күтіп ұстауда жол берген кемшіліктері және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 145 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылдың 9 айында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстың автомобиль жолдарына 1358 тексеру жүргізілді, 9213 ақау анықталды, олар бойынша өкілетті мекемелерге тиісті ұйғарымдар  берілді.

Автомобиль жолдарын тиісті деңгейде күтіп ұстамағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жол берген кемшіліктері үшін 145 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

9 айда берілген ұйғарымдар бойынша облыстың автожолдарында 4700 жол белгісі орнатылды, 5000 шақырымға жол таңбалары салынды, 250 метрге жасанды кедір-бұдыр орнатылды.

“Жамбыл облысының ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері 2020 жылдың 28 қыркүйегі мен 5 қазаны аралығында Жамбыл облысы Әкімдігінің, “ҚазАвтоЖол” АҚ, “Қазақавтожол” ЖШС өкілдерімен бірлесіп, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына кешенді күзгі тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша” Қазавтожол” АҚ-ға анықталған кемшіліктерді жоюға 12 ұйғарым берілді”, – деді Жамбыл облысының ПД ӘПБ бастығы Мәмбет Смайылов.

Қазіргі уақытта жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, өткізу қабілетін арттыру үшін жергілікті атқарушы органдармен көп деңгейлі жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, қолданыстағы көшелерді кеңейту, тосқауыл қоршауын орната отырып, магистралдық көшелерді бөлу жолақтарын орнату мәселелері пысықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру