Алматылық тұрғын сауда үйіндегі шағын техниканы ұрлады деген күдікке ілінді
Алматылық тұрғын сауда үйіндегі шағын техниканы ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы Жетісу ауданының полицейлері бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен жас жігітті ұстады.
– Алдын ала мәлімет бойынша, 24 жастағы О. есімді азамат, сауда орталықтарына клиент сияқты кіріп, сөрелерді қарап, ыңғайлы уақыт туындағанда қораптардан тауарды ұрлап кеткен. Бір жағдайда, күдікті жаңа ұялы телефонды ұрлаған. Бірақ ол назардан тыс қалмаған: оның әрекеті бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалды:, – деді, Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Спикердің айтуынша, күдікті ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде, оның бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша осыған ұқсас бес ұрлыққа қатысы болуы мүмкін екендігі анықталды.
Қылмыстық істің басқа да мәліметтері ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.