Алматылықтарға Грузиядан арзан көлік әкеліп беруге уәде еткен күдікті ұсталды
Алматылықтарға Грузиядан арзан көлік әкеліп беруге уәде еткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 жастағы У.есімді азамат таныстарының арасында Грузиядан көліктерді нарықтан төмен бағамен жеткізумен айналысады деген ақпарат таратқан.
– Қымбат емес көлікті сатып алғысы келетіндер көп болды. Келіссөздер барысында күдікті жәбірленушілерді тез арада алдын ала төлемді аударуға шақырған. Бірақ содан кейін ол байланысын тоқтатқан. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты үш арыз тіркелді. У.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азаматтың бұдан да көп адамды алдауы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Сондықтан аталған адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 298-53-02; 298-53-05, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.