Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аккумулятор батареясын ұрламақ болған ер адамның әрекеті камераға түсіп қалды

Жүк көлігінен аккумулятор батареясын ұрламақ болған ер адамның әрекеті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің ЖБО-ның бейнебақылау камерасына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақытта Жедел басқару орталығының операторы КамАЗ жүк көлігінің аккумуляторын ұрламақ болған ер адамды байқайды. Күдікті жеңіл автокөліктің көмегімен ауыр жүк көлігінің аккумуляторын троспен тартып алмақ болған. Сол уақытта дереу жеткен патрульдік полиция жасағы ұрыны ұстады.

Ұсталған күдікті 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Сол күні ол арнайы техникадан аккумулятор батареяларын ұрлап кеткені анықталды. Ер адам Чехов көшесімен келе жатып, “БМГ” автокөлігінің екі аккумуляторын және кілттер жинағын қолды еткен.

Ұсталған ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру