Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда ерлі-зайыптылар бутиктен киім ұрлады

Елордалық тәртіп сақшылары сауда ойын-сауық орталығының бутигінен ұрлық жасаған ерлі-зайыптыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Алматы” ауданы Полиция басқармасы кезекші бөлімінің “102” жедел арнасына елордалық сауда ойын-сауық орталықтарының бірінің қызметкерінен белгісіз тұлғалардың ұрлық жасағаны туралы арыз түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады. 46 жастағы ерлі-зайыптылар кінәсін мойындады. Олар үш дана джинсы костюм мен ерлердің іш киімін ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 32 415 теңгені құрады.

Тергеу барысында ерлі-зайыптылардың осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 2-бөлігі “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру