Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының аудан тұрғындары учаскелік полицейлермен тығыз байланыста

Алматы полициясы ел Президентінің тапсырмасы аясында “қолжетімді полиция” жаңа форматтағы жұмысына сәйкес кешенді шаралар қабылдап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл бағыттағы басым буын – учаскелік полиция инспекторлары. Бүгінде олар мобильді және үнемі байланыста.

– Әрбір учаскелік полиция қызметкері ПИК-пен және аудан тұрғындарымен чат пен мессенджерлік байланыста. Барлық сұрақтар оларға тікелей келіп түседі. Осы тәсілдің арқасында біз тұрғындардан түсетін өтініштердің санын 2,5 есеге қысқарттық. №78 полиция учаскесі Алматы облысының аумағында, Алатау шағын ауданында орналасқан. Бұл жерде 17 көпқабатты үй және 250 жеке тұрғын үй бар. Бірнеше жыл бұрын біз Facebook-те қызметтік аккаунттар ашқан болатынбыз, сигналдар келіп жатыр. Сонымен қатар шағын ауданымыздың тұрғындары арасында WhatsApp, Facebook чаттары бар. Барлық хабарламаларға жедел түрде жауап беріп жатырмыз, – деді 78-УПП аға учаскелік инспекторы Нұрбол Елубаев.

Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының имиджін көтеру және халық арасында танылуын арттыру мақсатында “Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын!” науқаны өткізіліп жатыр. Ал аудан тұрғындарымен және ПИК төрағаларымен кездесулер азаматтардың мәселелерін тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік береді.

– Мен Алатау шағын ауданының тұрғынымын. Біздің учаскелік инспекторлар өте жылдам әрекет ететінін атап өткім келеді. Өйткені олар тәулік бойы байланыста. Олардың телефондары үнемі қосулы, – дейді жергілікті тұрғын Татьяна Абажей.

Еске сала кетейік, бұған дейін қала әкімдігімен бірлесіп, учаскелік полиция пункттері үшін жаңа ғимараттарды кезең-кезеңімен алуды көздейтін 3 жылдық жоспар әзірленіп, бекітілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру