Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының бас полицейі пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен онлайн кездесу өткізді

Алматы полициясы жыл соңына дейін үздік пәтер иелері кооперативін таңдайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов аймақтық деңгейде пәтер иелері кооперативтері төрағаларымен онлайн кездесулер өткізу науқанын бастады.

«Біз қазірдің өзінде Медеу және Алмалы аудандарының пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен танысып үлгердік. Мен өзекті мәселелер туралы, жергілікті полиция инспекторларының оқиға орнындағы жұмысы туралы өз көзіммен көріп, білдім, қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу бойынша ұсыныстарды тыңдадым. Кездесулерге, сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі мен аудандық полиция басқармаларының басшылары және жергілікті полиция қызметкерлері қатысты. Пәтер иелері кооперативтерімен өзара іс-қимыл жасасудың бұл түрі өте ыңғайлы, өйткені біз де, олар да талқыланатын салалардағы заңдылық пен тәртіптің жай-күйіне алаңдаймыз. Айтпақшы, осы жылдың қорытындысы бойынша біз ішкі істер органдарымен белсенді және тиімді өзара іс-қимыл жасаған, үздік пәтер иелері кооперативін таңдаймыз», – деп түйіндеді Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ Департамент бастығы кездесудің нәтижелері бойынша тұрғын үйлер аумағындағы камералар санын көбейту, аулаларда жаяу патрульдеуді күшейту, сондай-ақ, «тұрғындармен кездесу» институтын нығайту туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру