Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда

Түркістан облысының полицейлері “Учаске” жедел- алдын алу іс-шарасын өткізуді жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйектен бастап Түркістан облысының аумағында “Учаске” жедел – алдын алу іс-шарасы басталды.

Іс-шараның мақсаты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қылмыстың жолын кесу,  халықпен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады.

“Учаске” жедел – алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердің аулаларын және пәтерлерді аралайды, базарлар мен сауда орындарын, саяжай алқаптарын, құрылыс объектілерін, жертөлелерді және қараусыз қалған басқа да орындарды тексереді.

Бұл жолы ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдарды тексеруге, ереже бұзған шетелдіктерді және заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар мен шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған жұмыс берушілерді анықтауға ерекше назар аударылды.

Мысалы, Келес ауданының полиция қызметкерлері “Учаске “жедел -алдын алу іс-шарасы барысында 11 мыңға жуық үй мен пәтерді тексеріп шықты,  нәтижесінде 598 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды және 7 адам профилактикалық есепке қойылды.

Сонымен қатар, карантиндік режим талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көшелерде және қоғамдық орындарда өтіп бара жатқан адамдарға медициналық бетперделерді таратты.

Айта кететін жайт, “Учаске” жедел – алдын алу іс-шарасы Түркістан облысының аумағында 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру