Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының бас полицейі ПИК және ОСИ төрағаларымен кездесті

Алматы полициясының бастығы ПИК және ОСИ төрағаларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров аудандар бойынша ПИК және ОСИ төрағаларымен кездесу өткізу науқанын бастады.

Бүгін шаһардың Әуезов ауданында қоғам белсенділерімен сындарлы диалог өтті.

– Қоғамдық диалог, жариялылық, адамдардың мұң-мұқтаждарына жедел ден қою – барлық мемлекеттік органдардың және бірінші кезекте – полицияның басты басымдықтары. Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қоғамды тарту деңгейін арттыру кезек күттірмейтін қажеттілік, өйткені азаматтар тұратын жерлерде қылмыс мәселесін тек полиция ғана шеше алмайды. Қазақта жақсы сөз бар “жаяудың шаңы шықпайды – жалғыздың үні шықпайды” деген. Егер бірдеңе жасайтын болсақ, оны тек бірге жасаймыз. Полиция қызметкерлері – сіздердің балаларыңыз, көршілеріңіз, туыстарыңыз. Олар да біздің қоғамның мүшелері. Қоғамның бір мүшесі бола отырып, тәртіп орнататын болсақ, сізде сыртта қалмауыңыз керек, – деді Арыстанғани Заппаров.

ПД-ның басшысы ауданның өзекті мәселелерімен, учаскелік полиция инспекторларының жергілікті жерлерде атқарып жатқан жұмыстарымен тікелей танысып, қауіпсіздікті жақсарту және қылмыстың алдын алу бойынша ұсыныстарды тыңдады. ПИК төрағалары учаскелік полиция қызметкерлерінің Facebook әлеуметтік желісіне және олардың жалпы үй чаттарына қосылғандарын жоғары бағалады. Олардың айтуларынша, бұл азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға және оқиғалардан хабардар болуға мүмкіндік береді.

– Бұл өте жақсы тәжірибе. Учаскелік инспекторлар үнемі байланыста болып, өз учаскесінің тыныс-тіршілігімен өмір сүреді. Бүгін біз өзекті мәселелерді талқылап, азаматтардың қауіпсіздігі бірінші кезекте деген ортақ пікірге келдік, – деді өз кезегінде “Дәуір” ПИК төрайымы Венера Бақтыбаева.

Алматы қаласының бас полицейі халық тығыз орналасқан Әуезов ауданында, сондай-ақ азаматтардан түскен ұсыныстарды ескере отырып, тиісті қызметтерге көші-қон полициясы бойынша мақсатты іс- шараларды жүргізуді және есірткі қылмысының алдын алуды күшейтуді, атап айтқанда, жастар арасында синтетикалық есірткі сату деректерін жолын кесуді тапсырды.

Сондай-ақ, ПД бастығы кездесулердің қорытындысы бойынша тұрғын ауданда камералар санын көбейту, аулалардағы жаяу патрульді күшейту, сондай-ақ қоғамдық полиция көмекшілері институтын күшейту туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

– Әуезов ауданындағы көпқабатты үйлердің барлығында бейнебақылау камералары орнатылған. Бірақ, жоғарыда айтқанымдай, олардың көпшілігі 2013-2017 жылы орнатылғандар. IT әлемі бір орында тұрмайды: ол алға жылжуда. Камераны 10 жыл бұрын орнатып, осымен болды деген болмасын, – деді А. Заппаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру