Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының тұрғын алабында 60-тан астам есірткі жарнамасы жойылды

Алматының тұрғын алабында 60-тан астам есірткі жарнамасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов ауданы аумағында синтетикалық есірткінің таралуы туралы ақпараты бар тыйым салынған жазуларды бояуға арналған науқан өтті.

Оған полиция қызметкерлері мен “Хақ Назар” қоғамдық қорының еріктілері қатысты.

– Тұрғын үйлердің, гараждардың, әкімшілік ғимараттарының қабырғаларында есірткінің таралуын насихаттайтын сайттардың жарнамалары бар трафареттер мен граффитилерді бояуға 40 адам қатысты. Дәстүр бойынша науқан соңында қала тұрғындарына есірткіге қарсы брошюралар таратылды, онда 8-705-549-70-25 жедел желі телефондары көрсетілген. Естеріңізге сала кетейін, азаматтар бұл телефон нөмірлері арқылы есірткі қылмысы туралы ақпаратты жасырын түрде хабарлай алады, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру