Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ALTAI FEST-тің екінші күні: тәртіп пен қауіпсіздік — басты назарда

Қатонқарағай ауданында "Алтай — түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық фестивалі жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Фестивальдің екінші күнінде алаңға Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген 20 мыңнан астам қонақ жиналды.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері ауқымды мәдени шараның барлық алаңында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Жол қозғалысын ұйымдастыруға, көлік ағынын сүйемелдеуге және адамдар көп жиналатын орындардағы қауіпсіздікті қадағалауға баса назар аударылуда.

Мыңдаған көрермен жиналған дәстүрлі бәйге кезінде полицейлер қоғамдық тәртіпті бақылап, кез келген жағдайға жедел ден қоюда және фестивальге қатысушылар мен қонақтарға қажетті көмек көрсетуде.

Мерекелік шараның ерекше атмосферасын погон иелеріне деген шынайы құрмет сәттері толықтыра түсуде: фестивальге келген жас өрендер полиция қызметкерлеріне ізет көрсетіп, құрмет білдіруде. Мұндай сәттер қоғам мен полиция арасындағы сенім мен өзара сыйластықтың жарқын көрінісіне айналды.

Полиция қызметкерлері мен барлық тартылған қызметтің үйлесімді жұмысының арқасында ALTAI FEST-тің екінші күні ұйымшылдықпен, тыныш өтуде. Бұл өз кезегінде мыңдаған қонаққа фестивальдің мазмұнды бағдарламасын тамашалап, Шығыс Қазақстанның табиғатын тануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру