Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Anti-Fraud” іс-шарасы: Алматы полициясы бөтен адамдардың атына шағын несие рәсімдеген екі алаяқты ұстады

Алматы полициясы бөтен адамдардың атына шағын несие рәсімдеген екі алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірінші жағдайда 26 жастағы Ж.есімді әйел интернет-ресурстарды қолдана отырып, азаматтарды МКҰ-ның біріне тауарлық несие алуға өтініш білдіруге шақырған.

– Әйел әр түрлі сылтаулармен азаматтардың жеке деректерін алып жүрген: жеке куәліктер, банк карталары, содан кейін әр түрлі МҚҰ-ға олардың атынан “онлайн” несие рәсімдеген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті жасаған осыған ұқсас алты эпизод дәлелденді. Ж.есімді азаматшаның іс-әрекетінен келтірілген жалпы шығын шамамен 1 миллион теңге. Бұл азаматшаның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерге мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-775-747-7778 және 8- 705-555-77-63, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қалалық криминалдық полиция еске түсіргендей, бұл күндері Алматы қаласының полицейлері интернеттегі алаяқтықпен күресу үшін іс-шаралар жиынын өткізуде.

– Біз ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылықпен күресу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған “Аnti-Fraud” республикалық іс-шарасы туралы айтып отырмыз. Іс-шара 9 тамызда басталып, 15-і аяқталады. Ұсталғандардың арасында – 31 жастағы А.есімді азамат та бар. Ол Алматы облысының тумасы, бұрын сотталмаған, адамдардарды шағын несие рәсімдеу арқылы алдап келген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті осыған ұқсас сегіз қылмыс жасағаны үшін ұсталды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру