Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында масаң күйде болған тағы бір көлік жүргізуші ұсталды

Ұсталған жүргізуші бұрын да дәл осындай құқық бұзушылығы үшін жүргізуші құқығынан айырылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат түнгі 01:30 шамасында Алакөл ауданының Достық кентінен полиция қызметкерлері масаң күйде көлік құралын басқарған жүргізушіні ұстаған.

Қызмет көрсететін аумақты патрульдеп жүрген полицейлерге Audi-80 автокөлік жүргізушісінің көлік құралын басқару кезіндегі іс-әрекеті негізді күдік тудырған. Жүргізушінің 28 жастағы жергілікті тұрғын екендігі және оның бұған дейін дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғандығы анықталды.

Медициналық сараптама ұсталған жүргізушінің “жеңіл” дәрежелі масаң күйде екенін көрсетті.

Аталған дерек ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес СДТБТ-да тіркелді. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру