Ақ жаулықты ана полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді
Сарыағаш ауданы Құркелес елді мекенінің 81 жастағы тұрғыны Қамида Сералханқызы полиция қызметкерлеріне құжатын жаңартып, рәсімдеп бергені үшін шынайы ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақ жаулықты ана, «Күміс алқа» иегері өз сөзінде: – Мен науқастанып, жүріп-тұруым қиындап қалған еді. Осындай қиын сәтте төлқұжатымның уақыты бітіп, жаңарту керек болды. Ал, полицейлер мені ары-бері саңдалтпай, тиісті құжаттарды реттестіріп, үйіме дайын жеке куәлігімді
жеткізіп берді. Осы тұста Сарыағаш аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесінің аға инспекторы Димаш Абдуманаповқа алғысымды білдіремін. Әрдайым қорғанымыз болған, әрі
көмекшіміз атанған полиция қызметкерлеріне үлкен рахмет!, – деп атап өтіп, ақ батасын берді.
Жалпы, тәртіп сақшылары коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантин уақытында да жұмыстарын тоқтатпай, әрбір жүріп-тұруы қиындаған ҰОС-ның ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі қариялардың құжаттарын жаңарту бойынша жұмыс істеуде. Бұл бағыттағы қызметтер
алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.