Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола колониясында “Не? Қайда? Қашан?” зияткерлік ойыны өтті

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола колониясының сотталушылары “Не? Қайда? Қашан?” зияткерлік ойынына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеме қызметкерлері сотталғандармен бірге танымал телевизиялық зияткерлік ойын атмосферасын барынша жаңғыртуға тырысты.

Мемлекетіміздің тәуелсіздік тарихы туралы тақырыптық сұрақтар монитор экранынан көрсетілді. Ойыншылармен байланысқа импровизацияланған зияткерлер-телекөрермендер шықты: “Жас Отан” партиясы жастар қанатының студенттері, Атбасар қаласының кәсіптік колледжінің педагогтары, өңір тұрғындары.

“Жарқайың” білгірлер клубының қатысушылары ойын алаңын өз қолдарымен жасады, тіпті интеллектуалды шоудың музыкалық сүйемелдеуі де телеойынның түпнұсқасынан ерекшеленбеді.

Сарапшылар тобына кішігірім тестілеуден өтіп, содан кейін ойын тақырыбын алған, апта бойы дайындалған, көп оқып, кроссвордтар шешкен сотталғандар кірді, оларды колония қызметкерлері қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етті. Мұғалімдер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған, фактілерді білуге бағытталған және логикалық ойлауды талап ететін сұрақтарды құрастыруға тырысты.

Ойын қорытындысы бойынша есеп “білгірлердің” пайдасына 6:3 болды.

​- Мен керемет эмоциялар алдым, көрермендермен болған “білгірлер” шайқасын көру қызықты әрі тартымды болды. Бәрінен бұрын ойынның барлық қатысушыларының жарқыраған әзіл-оспақтары, керемет тапқырлығы мен білгірлігі есте қалды. Жасыратыны жоқ, сотталғандардың арасынан “білгірлер” командасы жеңіске жеткенін қаладық, – деп бөлісті сотталған Михаил.

​- Бұл іс-шараға біз бірге дайындалдық, сотталғандарды бұл ұсыныс қатты қызықтырды. Кітапханадан әдебиеттер алып, кейбіреулерін үйден алып келдік. ​ Зияткерлік іс-шараларды спорттық іс-шаралармен қатар жиі өткізу керек деп ойлаймын. “Миға шабуыл” – өте пайдалы, әсіресе, бұл жерде тұтқындарды теріс ойлардан алшақтатады, ақыл-ойды, логиканы дамытады, – дейді колонияның тәрбие бөлімінің бастығы Сырым Елкеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру