Ақмола колониясының сотталғандары білім алу туралы куәлік алды
Ақмола ҚАЖ ЕЦ-166/25 мекемесінде кешкі мектеп бітірушілер аттестат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көптен күткен құжатты түрмеде отырған 22 түлек алды.
– Мен ұстаздарға берген білімдері үшін, шыдамдылық танытып, қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар, колония басшылығына осындай мүмкіндік бергені үшін рақмет, – деді сотталған түлектердің бірі.
Мекеме басшылығы мен ұстаздар түлектерді оқу үдерісінің аяқталуымен құттықтап, зияткерлік деңгейдің артуына ықпал ететін қазіргі заманда білімнің маңыздылығына тоқталды.
– Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды оқыту, менің ойымша, қайта әлеуметтену тұрғысынан маңызды сәттердің бірі. Тұтқындардың мектепке барғысы келмейтін кездері болды, бәріне ұзақ түсіндіріп отырдық. Бүгінде тенденция басқаша, сотталғандар өздері оқуға талпынады, – деп түсіндірді мекеме басшысының орынбасары Сұлтан Құсайынов.