Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде “Үздік жасақ бастығы“ байқауы өтті
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде “Үздік жасақ бастығы“ байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқауға қатысушылардың әрқайсысы өзінің білімін, кәсібилігін, тапқырлығы мен өткір ой-өрісін, тәртібі мен көпшілдігін, ұйымдастырушылық қабілетін және жұмыс күндері көрінбейтін басқа да қасиеттерін көрсетуге тырысты.
“Үздік“ атағын алу үшін қатысушылар базалық білімі, ЖРВИ-дің, туберкулездің белгілерін тани білуі, сананың жоғалуы, жүрек соғысы, жалпы ауырған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсете алуы жағынан сыналды.
Сонымен қатар, жасақ жетекшілері жасақтағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, сабақ өткізудің, жеке істері бойынша қабылдаудың жаңа әдістеріне тоқталды.
– Жасақ бастығының қызметі қиын болғанымен, өте қызық. Адамдармен жұмыс істеу әрқашан жауапты және психологиялық тұрғыдан оңай емес. Негізінен тағдыры мен жағдайы қиын адамдар тыңдауды, кейде итермелеуді қажет етеді, кейде олар кеңес сұрайды, – деп бөлісті қатысушы Ерлан Шапенов.
Сайыс қорытындысы бойынша жас, бірақ өз саласында біршама табысты, еңбекқор, тәртіпті жасақ бастығы Батырхан Танатовтың ұпайы көбірек болды.
Мекеме қызметкері Танатов – ҚР ІІМ ҚАЖК Қостанай заң академиясының түлегі. Қызметті реттейтін заңнаманы білудің тамаша нәтижелерін көрсетті, физикалық тұрғыдан жақсы дайындалды, алғашқы медициналық көмек көрсетуде қабілетін іс жүзінде көрсетті. Оның жасағында 50 сотталған бар. Қызметте болу кезеңінде жасақтағы сотталғандар жасаған бұзушылықтардың көрсеткіші аз. Жастығына қарамастан Батырхан Танатов өз жасағындағы сотталғандарды қайта тәрбиелеуге және түзеу жұмыстарына өз білімін бағыттап, сауатты басшылық жасап, босатуға дайындайды.
– Батырханның жасағында 50 сотталушы бар. Төрт жыл қызметінде Танатов жасақтағы сотталғандар жасаған бұзушылықтардың ең төменгі көрсеткішіне қол жеткізді. Мекемелік конкурста төрт жасақ бастығы қатысты, конкурсты өткізу туралы Ережеге сәйкес еңбек өтілі бар, айыппұлы жоқ қатысушылар болды. Батырхан Танатов лайықты түрде үздік атанды. Бұл жас, бірақ қазірдің өзінде болашағы зор қызметкер. Енді ол облыстық байқауға қатысады, біз оны қолдаймыз, – деді мекеме бастығының орынбасары Сұлтан Құсайынов