Ақмола облысында жоғалған 15 жастағы бала іздестірілуде
Ақмола облысында жоғалған 15 жастағы бала іздестірілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 маусым Зеренді аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 46 жастағы тұрғынынан сол күні сағат 13.00 шамасында Зеренді ауданында 15 жастағы кәмелетке толмаған ұлы Әскер Мансұр Саматұлының жоғалып кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Хабар-ошарсыз жоғалған баланы іздеуге Көкшетау қалалық ПБ және Зеренді ауданы полиция бөлімінің полиция қызметкерлері, жұртшылық және өзге де күштер бағытталған.
Жоғалғанның белгілері: бойы 175 см, шашы қара, дене бітімі орташа, көздері қоңыр.
Үстінде: әншінің бет-бейнесі суреттелген қара футболка, қара джинсы, ақ кроссовка.
Қандай да бір ақпаратқа ие болғандарды мына байланыс телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз: (871632), 21-2-02, 102, +7-771-371-41-02, +7-702-429-03-63