Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО учаскелік полиция инспекторлары жоғалған малды иелеріне қайтарды

СҚО учаскелік полиция инспекторлары жоғалған малды иелеріне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Мамлют аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторлары Әлібек Осипов пен Рустам Валиевке жылқыны іздестіруде жедел көмек көрсеткендері үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, – деп әлеуметтік желі арқылы Мамлют ауданы Дубровное ауылының тұрғыны өзінің ризашылығын білдірді.

Маусымның 8-і күндіз шамамен сағат 12-де 50 жастағы ауыл тұрғынының жылқысы іс-түссіз жоғалып кеткен. Ер адам өзі іздеп, таба алмаған соң, келесі күні полицияға жүгінген. Сол күні полиция майорлары Новоукраинка ауылынан биені тапты – ауылдар арасындағы қашықтық 40 шақырым. 45 жастағы Октябрь ауылының тұрғыны да өз мәселесімен жалғыз қалған жоқ. Маусымның 9-ы күні ауыл тұрғыны 21 бас қойын жоғалтқан. Мал иесі полицейлермен бірге 3 күн бойы іздеген. Жедел іздестіру шараларының арқасында жануарлар Мамлют ауданындағы Ленино ауылынан табылды.

– Біз барлық солтүстікқазақстандықтарды өз мүлкіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Алдын алу әдістерінің бірі – жануарлардың орналасқан жерін бақылау үшін GPS-белгілерін пайдалану. Есіңізде болсын, қаңғыбас мал көп жағдайда мал ұрыларының құрбаны болады. Ұрлық орын алған жағдайда дереу 102 пультіне хабарласыңыз немесе учаскелік инспекторға хабарласыңыз, – дейді Мамлют аудандық ПБ бастығы Петр Климов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру