Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында «Аnti-Fraud» ЖААІШ аясында құрылыс материалдарын «сатқандар» анықталды

Ақмола облысында «Аnti-Fraud» жедел алдын алу іс-шарасы аясында құрылыс материалдарын сату жөніндегі жалған хабарландырулардың авторлары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Клиенттерден алған ақшаны күдіктілер бірден лотерея клубының шоттарына аударғаны белгілі болды.

Щучинск тұрғындары алдаудың кең таралған схемасын ұйымдастырды. Құмар ойындар мен түрлі лотереяларды ұнататын екі ақмолалық қиыршық тас, құм және басқа да құрылыс қоспаларын сату туралы жалған хабарландырулар беру арқылы сенгіш азаматтардан алдау жолымен ақша жинау тәсілін ойлап тапқан. Сонымен қатар ұсталғандардың өздері бұл қызмет түріне ешқандай қатысы жоқ.

Мұндай қулыққа Бурабай ауданының түрлі елді мекендерінің бес тұрғыны түскені алдын ала анықталды. Жалған хабарландыру авторларына қоңырау шала отырып, «клиенттер» алдын ала төлем және тауарды жеткізу үшін ақшаны шоттарға жіберген. Бұл ақша мен түбіртектерді күдіктілер танымал лотерея клубының шоттарына аударып, түрлі онлайн ұтыс ойындарына қатысқан.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде полицейлер қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, басқа жәбірленушілер анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру