Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

“Дәрмек” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының 3 күнінде ақмолалық полицейлер есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласында бір қылмыстық және сегіз әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.

2021 жылғы 22-26 ақпан аралығында Ақмола облысының аумағында “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы кезеңі өтуде. Аталған іс-шара бақылаудағы есірткі құралдарының заңсыз айналымға түсу деректерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Мысалы, Степногорск қаласында полиция қызметкерлері 27 жастағы жұмыссыз азаматтың металл сынапты заңсыз сақтау фактісін анықтады. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 301-бабының (Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы) санкциясына сәйкес ер адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әкімшілік заңнаманы бұза отырып, облыстың жеті дәріханасында құрамында кодеин бар дәрілік препараттарды рецептісіз беруге жол берілген. Аталған дәріханалардың фармацевтеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігімен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды  айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Іс-шара барысында жауапкершілігі шектеулі серіктестердің бірінің басшысының ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабын (Лицензиялау нормаларын бұзу) бұзып, өз қызметкерлеріне қарулы күзеттің еріп жүруінсіз, шамамен 54 тонна прекурсорларды тасымалдауға рұқсат бергені анықталды.

Бұдан басқа, ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) есірткі құралдарын заңсыз сақтаудың жеті фактісі анықталды.

Іс-шара барысында барлығы екі емдеу-алдын алу мекемесі мен жеті дәріхана тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру