Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ер адам танысының банк картасынан ақша жымқырған

Ақмола облысында ер адам танысының банк картасынан ақша ұрлап, интернетте сауда жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қаңтарда Жарқайың аудандық полиция бөліміне 59 жастағы жергілікті тұрғынның өзіне тиесілі банк картасынан ақша ұрланғаны туралы өтініші келіп түсті. Залал сомасы 135 мың теңгені құрады

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады. Ол Державинск қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам жәбірленушімен таныс екендігі және ұрлық алдында жәбірленушінің үйінде қонақта болғаны белгілі болды.

Алкогольді бірге ішу кезінде қаскөй жәбірленушінің банктік картасын суретке түсіріп алған. Кейінірек картаның деректерін пайдаланып, интернет арқылы сауда жасаған.

Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру