Ақмола облысында ГАЗель мен жеңіл көлік соқтығысты
Ақмола облысында ГАЗель мен жеңіл көлік соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 қазанда Ерейментау аудандық полиция бөліміне Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 84 шақырымында ЖКО болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Volkswagen Golf автокөліктің жүргізушісі Астана-Ерейментау-Шідерті автожолымен Астана қаласы бағытында жүріп келе жатып, ілеспе бағытта алда келе жатқан ГАЗель автокөлігімен соқтығысқаны анықталды.
Қарағанды облысының 47 жастағы тұрғыны – ГАЗель жүргізушісі бір жылқыны тасымалдап келе жатқан. Соққыдан ГАЗель қисық бруспен соқтығысып, нәтижесінде машина бұрылып, оң жағына аударылған. Volkswagen Golf автокөлігі кюветке шығып кетіп, жол бойында орнатылған тордың тірегіне соғылып, аударылған.
Апат салдарынан жылқы оқиға орнында өліп, автокөліктерге механикалық зақым келді.
Жеңіл көлік жүргізушісі елорданың 37 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүррісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.