Ақмола облысында ірі қара малдың кесірінен жол апаты болды
Ақмола облысында ірі қара малдың кесірінен жол апаты болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қазанда сағат 00:30 шамасында Зеренді ауданы полиция бөліміне Зеренді ауылының 48 жастағы тұрғынынан жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Ол Lada Vesta көлігін басқарып келе жатқанда Көкшетау-Атбасар автожолының 14 шақырымында сиырға соғылған.
Апат салдарынан жануар оқиға орнында өліп кетті, автомобильге механикалық зақым келді.
Материалды жинау барысында АШЖС базасына сәйкес, сиырдың Заречное ауылының 48 жастағы тұрғынына тиесілі екендігі анықталды. Жануардың иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы 2 бөлігі (Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Полицейлер ҚР ӘҚБтК 408-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу ескерту немесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан дәл осындай әрекеттер 10 АЕК мөлшерінде айыппұлмен жазаланады.