Ақмола облысында қызметтік ит ұрлық дерегін ашты
Ақмола облысында қызметтік ит ұрлық дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Степногорск қаласының полиция басқармасына жергілікті кәсіпкер ұрлық жасалғаны туралы айтып, арызданды. Ер адам 7 наурыз күні өзіне тиесілі азық-түлік дүкенінен белгісіз адам «Спаси меня» баспанасының қаңғыбас жануарларға көмектесу жәшігін еркін қол жеткізу арқылы ұрлап кеткенін хабарлады.
Оқиға орнына құрамында Джесси атты қызметтік-іздестіру итімен полиция қызметкері Саят Кенесар жедел-тергеу тобы жіберілді.
Неміс овчаркасы күдіктінің иіс бөлшектерін бірден алып, полицейлерді 5-ші шағынауданның тұрғын үй аулаларына, содан кейін пәтерлерінің бірінде қаскүнем тұрған үйдің подъезіне апарды.
Полиция басқармасы бұл фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.