Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас күйде көлік басқарған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында мас күйде көлік басқарған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам ауданының учаскелік полиция инспекторлары күнделікті қызмет атқару барысында ВАЗ көлігін тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның мас күйіне күдіктенген полицейлер құқық бұзушыны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес, автокөлік жүргізушісі мас болудың “орташа дәрежесінде” екені расталды.

Одан бөлек, ер адамның 2020 жылы сот шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлімі талаптарын бұзғаны үшін 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Іс бойынша құжаттарды жинақтаған полицейлер жүргізушіге ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша іс қозғады. Бүгінгі күні сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру