Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан 34 адамға айыппұл салынды 

Ақмола облысында шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан 34 адамға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон жағдайын сауықтыру, облыс аумағына заңсыз келген және тұратын шетел азаматтарын анықтау, заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзумен байланысты өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында 27 маусым мен 4 шілде аралығында Ақмола облысында «Нелегал-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері құқық бұзушы шетелдіктерге тұрғын үй бергені және келген шетелдіктер туралы ІІО-ны уақтылы хабардар етпегені үшін шетелдікті қабылдаған 92 адамды жазалады, ҚР заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді тартқаны үшін 34 жұмыс берушіге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, «Нелегал-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Бурабай ауданының полиция бөлімі жеті шетел азаматын заңсыз жұмысқа орналастыру бойынша делдалдық қызмет көрсеткен 31 жастағы ҚР азаматын анықтады.

Аталған факті бойынша Бурабай АПБ ҚР ҚК 394-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру