Ақмола облысында сотталғандарға ауызашар ұйымдастырылды
Ақмола облысында сотталғандарға ауызашар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қасиетті Рамазан айының оразасы кезінде РММ ЕЦ–166/4 Мекемесінің Сотталғандар арасындағы тәрбиелік, әлеуметтік психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлері А. Чопабеков Атбасар аудандық мешітінің имамымен бірге ораза ұстаған сотталғандарға ауызашар ұйымдастырды.
Осы іс-шара барысында Тәрбие жұмысы бойынша мекеме бастығының орынбасары Ж. Ибраев ораза ұстаған сотталғандарды ауыз ашармен құттықтап тілектер білдірді. Сонымен бірге сотталғандар тарапынан осы іс-шараны ұйымдастырған мешіт және мекеме қызметкерлеріне өз алғыстарын айтып, жылы тілектерін білдірді.