Ақмола облысында танысының сыртынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Ақмола облысында танысының сыртынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қарашада сағат 10.00-де Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан арыз түсті. Ер адам оның сыртынан 93 мың теңге сомасында онлайн несие рәсімделгені туралы жақында білгенін айтты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол арызданушының танысы болып шықты.
8 қарашада күдікті қоңырау шалу үшін жәбірленушіден телефон алған, бірақ ол қаланың сауда үйлерінің біріне барып, жеке кабинет арқылы телефон сатып алуға онлайн несие рәсімдеген. Бұған дейін күдікті алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Аталған факті бойынша 190-баптың 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.