Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында тұрғын кәсіпкердің мүлкін алаяқтық жолмен иемденіп кеткен

Ақмола облысында тұрғын кәсіпкердің мүлкін алаяқтық жолмен иемденіп кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері бұрын жасалған қылмысты ашты. Осы жылдың 6 маусымында Көкшетау қаласының полиция басқармасына алаяқтық фактісі туралы жеке кәсіпкер жүгінді.

Ер адам осы жылдың 1 наурызында белгісіз тұлғалар кәсіпорынның 1 млн 547 мың теңгелік мүлкін иемденгенін хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды. Ол уақытша жұмыс істемейтін, бұрын ҚР ҚК-нің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған, облыс орталығының 46 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдікті су құбырларын орнату бойынша қызмет көрсету сылтауымен тапсырыс берушінің мүлкін алаяқтық жолмен иемденіп, оны сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру