Ақмола облысында «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды
Криминогендік жағдайды жақсарту, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында Ақмола облысының аумағында «Тұрмыс» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол беретін, алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды анықтау және есепке қою, сондай-ақ олардың тарапынан қылмыстарға жол бермеу болып табылады.
Аталған іс-шараны өткізуге мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және жұртшылықтың қатысуы көзделген.