Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында университет пен ПД арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Ақмола облысында университет пен ПД арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 мамыр күні Ақмола облысы ПД бастығы Думан Таев пен А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Сағынтай Елубаев полиция департаменті мен университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға ресми түрде қол қойды.

Тараптар департамент базасында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің “Құқықтану” кафедрасының филиалын құру туралы уағдаласты.


Полиция департаменті мен университет арасындағы ынтымақтастық екі жаққа да көптеген артықшылықтар әкелетіні сөзсіз. Атап айтқанда, кадрлар даярлау, істегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру, ЖОО оқытушыларының теориялық білімі мен полицейлердің практикалық тәжірибесін біріктіру саласында.

Бұл күні университеттің оқытушылар құрамы университет қонақтарына заң факультетінің корпусында экскурсия ұйымдастырды, олардың назарына студенттер дайындаған шартты сот отырысы, балалар кеңес беретін заң клиникасы ұсынылды.

Студенттер криминалистика және сот сараптамасы кабинетінде кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын көрнекі түрде көрсетті.


Бұдан әрі тараптар арасындағы салтанатты жағдайда өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын айқындайтын құжатқа, әріптестік байланыстарды орнатуға ықпал ететін меморандумға қол қойылды.

Университетке сапар департамент бастығының студенттермен кездесуімен аяқталды. Облыстық ведомство басшысы студенттерге ішкі істер органдарының қазіргі қызметі және полиция ведомствосының алдында тұрған өзекті міндеттер туралы айтып берді, сондай-ақ оларды полиция департаментінің түрлі бөлімшелеріне қызметке шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру