Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында сапасыз жолдар үшін 96 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Ақмола облысында сапасыз жолдар үшін 96 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері облыстың тәртіп сақшылары барлық маңызы бар автожолдарға 957 тексеру жүргізді, нәтижесінде 1268 ақау анықталды, олар бойынша сапасыз жолдар үшін 96 лауазымды тұлға, оның ішінде жол ұйымдарының бірінші басшылары мен облыстың қалалары мен ауылдық округтерінің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Қазіргі жағдайда әкімшілік шаралармен жол қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу мүмкін емес, ол үшін жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және жол қозғалысын ұйымдастыру деңгейін арттыру қажет, – деп атап өтті облыстың әкімшілік полиция басқармасы бөлімінің аға инспекторы Руслан Ержанов.

Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп ағымдағы жылдың 10 мамырынан бастап автомобиль жолдарын, көше-жол желілері мен жол құрылыстарын көктемгі кешенді тексеру жүргізуді жоспарлағанын атап өткен жөн.

Тексеру барысында мамандар жол белгілері мен бағыт көрсеткіштерін орнату және ауыстыру, автобус павильондары мен тұрақтарды, сондай-ақ басқа да құрылыстарды жөндеу қажеттігіне назар аударатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру