Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында зейнеткерге пышақпен шабуыл жасаған азамат анықталды

Ақмола облысында зейнеткерге пышақпен шабуыл жасаған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында бұзақы зейнеткерге көпқабатты үйдің кіреберісінде дене жарақатын салған.

21 тамыз Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны бұзақылық фактісі туралы өтініш білдірген.

Қарт адам сағат 17:00 шамасында көпқабатты үйдің кіреберісінен мас күйде белгісіз ер адам дене жарақатын салғанын хабарлаған.

Полиция басқармасы бұл фактіні ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген. Сараптама тағайындалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұзақылыққа қатысы бар адамды анықтады. Өзге тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру