Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жақын туыстардың қатысуымен бірден үш алаяқтық фактісі тіркелді

Ақмола облысында жақын туыстардың қатысуымен бірден үш алаяқтық фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 ақпанда Бурабай ауданының полициясына 64 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті. Зейнеткер 2020 жылдың мамыр-қараша айлары аралығында белгісіз тұлғалар оның ұялы телефонының банктік қосымшасын пайдаланып, оның атына 2 млн теңге көлемінде онлайн-несие рәсімдегенін хабарлады. Жедел–іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер алаяқтыққа өтініш берушінің туған қызының қатысы барын анықтады. Заттай дәлел ретінде ұялы телефон тәркіленді. Әйел жасаған әрекетін толық мойындады.

Тағы бір оқиға Атбасар ауданында болды. «Anti fraud» жедел алдын алу іс-шарасы аясында криминалдық полиция қызметкерлері 62 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты. Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айында белгісіз тұлғалар оның атына Kaspi bank-тен 1 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген. Өтініш берушіні таңқалдырғаны осы қылмысқа оның жұбайының қатысы бар болғаны.

Аршалы ауданында полицейлер бұрынғы жігіті микрокредиттік ұйымда 30 мың теңге қарыз рәсімдеген 20 жастағы қызға қатысты алаяқтық фактісін тергеп жатыр.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру