Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бес баласымен барар жері жоқ әйел дағдарыс орталығына орналастырылды

Шымкентте бес баласымен барар жері жоқ әйел дағдарыс орталығына орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде ер адам әйелімен сөзге келіп, жанжалдасып қалған. Отбасылық келіспеушіліктен кейін ер адам әйелі мен бес баласын үйінен қуып шыққан. Күйеуінен зәбір көрген 25 жастағы ана қайда барарын білместен полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін көрсетілген мекенжайға әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері Ж.Тасқұлова мен А.Төребай арнайы барып, жағдайдың жай-жапсарымен танысты.

Нәтижесінде 30 жастағы ер азаматтың үстінен қорғау нұсқамасы толтырылып, 30 тәулікке есепке алынды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған азаматшаға құқықтық және психологиялық қолдау көрсету мақсатында балаларымен бірге уақытша пана ретінде “3 – арнаулы әлеуметтік көмек көрсету” дағдарыс орталығына орналастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру