Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер үй ұрысын қолға түсірді

Елордалық полицейлер үй ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны Ақшағыл көшесіндегі үйлердің бірінен белгісіз біреудің автокөліктің қосалқы бөлшектерін және шойын аккумуляторларын ұрлап кеткені туралы полицияға арызданған.

Байқоңыр ауданы ПБ-ның қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 22 жастағы қала тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, күдікті күндізгі уақытта үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, есіктің құлпын бұзып, үйге кірген.

Ер адам радиаторлар мен қосалқы бөлшектерді алып шығып, 270 мың теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Ол ұрланған заттарды металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айғақты заттар тәркіленіп, оның қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру