Ақмола облысында жоғалған жасөспірім аман-есен табылды
Ақмола облысында жоғалған жасөспірім аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 тамыз күні сағат 00:55-те Көкшетау қаласының полиция басқармасына Зеренді ауданы ауылдарының бірінің тұрғынынан кәмелетке толмаған қызын іздеуге жәрдем көрсету туралы өтініш келіп түсті.
Ер адам 8 тамыз күні сағат 17:00 шамасында оның 15 жастағы қызы орталық саябақтың аумағынан кетіп, жоғалып кеткенін хабарлады. Әкесі қызының қаланы білмейтінін айтқан.
Жасөспірім қыз қалаға ағасымен бірге серуендеуге барған, кейінірек ағасы жаттығуға кетіп қалғандығы анықталды. Балалар саябақта кездесуге келіскен, бірақ кәмелетке толмаған қыз ол жерге келмеген. Жоғалған кәмелетке толмаған қыздың телефоны өшірулі болды.
Осы өтініш бойынша полиция қызметкерлері жасөспірімді іздестіру бойынша дереу шаралар қабылдады. Тәртіп сақшылары жоғалған адамның танысу шеңберін құрды және ол жоғалып кетпес бұрын байланыста болған таныстарын анықтады. Сонымен қатар ол болуы мүмкін деген барлық бағыттарда іздеу жүргізілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде таңғы сағат 04:00-де ювеналды полиция қызметкерлері жоғалған адамның әкесімен бірге оның орналасқан жерін анықтап, облыс орталығының кіреберістерінің бірінен тапты.
Жасөспірімнің телефонының қуаты таусылып қалған. Белгілі болғандай, бөтен қалада адасып, қорқып қалған қыз кездейсоқ үйдің кіреберісіне кіріп ұйықтап қалған.
Оған қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды.