Ақмола облысында жол апатынан мотоциклші ауруханаға жеткізілді
Ақмола облысында жол апатынан мотоциклші ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қыркүйекте Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Волгодоновка-Бабатай автожолында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Волгодоновка ауылының 37 жастағы тұрғыны Racer мотоциклін жүргізіп келе жатып, рөлді басқара алмай, Волгодоновка ауылының 25 жастағы тұрғынының басқаруындағы Audi 80 автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Жол апаты салдарынан мотоциклші түрлі жарақатпен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.