Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 29 жүргізуші жауапқа тартылды

Ақмола облысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 29 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Ақмола облысында заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу мақсатында 5-11 желтоқсан аралығында “Автобус” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Ақмола полицейлері ЖАІШ өткізген 3 күнде жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында 375 ЖҚЕ бұзушылықты анықтады. 3 жүргізуші ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін, 14 – көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін, 57 жүргізуші – көлік құралын басқару кезінде телефон немесе радиостанция пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды, 53 азамат міндетті техникалық байқаудан өтпей жолаушылар тасымалын жүзеге асырған.

Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 33 жүргізуші ҚР ӘҚБтК 595-бабы бойынша, 12 – автокөлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төрт қоғамдық көлік жүргізушісі рейс алдындағы медициналық тексеруден өтпей, желіге шыққан.

Жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін ҚР ӘҚБтК 463-бабы бойынша 26 азамат жауапкершілікке тартылды. 29 көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру