Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ЖҚЕ бұзған қос доңғалақты көлік жүргізушілері анықталды

Ақмола облысында қос доңғалақты көлік жүргізушілері 1200 ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың басынан бастап Ақмола облысының аумағында полиция қызметкерлері қос доңғалақты көлік құралдарының жүргізушілерімен жасалған 1200-ге жуық жол ережесінің бұзушылықтарын анықтады.

Ең көп таралған бұзушылық - мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлікті басқару. Полицияның мәліметінше, мұндай 600-ге жуық факт тіркелген. Сонымен қатар мас күйінде мотоциклді басқарудың 59 жағдайы және көлік құралдарын мотошлемсіз пайдаланудың 80-ге жуық фактісі анықталды.

Полицейлер бұл бұзушылықтар жүргізушілердің өздері үшін де, жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін де үлкен қауіп төндіретінін атап айтады. 

Осыған байланысты полиция қызметкерлері мотоцикл, мопед және скутер иелерін заң талаптарын қатаң сақтауға, қорғаныс құралдарын пайдалануға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сонымен қатар өңірде қос доңғалақты көлік құралдарын тіркеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта Ақмола облысында осындай көлік иелерінің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін алуының 15 фактісі тіркелген.

Полиция көлік құралдарын тіркеу және мемлекеттік нөмірлік белгілердің болуы заңнаманың міндетті талаптары болып табылатынын және жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға ықпал ететінін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру